Электр өрісі векторлық шамамен, яғни электр өрісінің кернеулігімен сипатталады. Магнит өрісін сан жағынан сипаттау үшін физикалық ерекше шаманы еңгізу қажет.
Бұл оңай іс емес, өйткені магнит өзара әсерден күрделірек, Магнит өрісінің сипаттамасын магнит индукциясының векторы деп атайды да, әріпімен белгілейді.
Лестірмелі материал: электрондық кітаптар, тесттер, карточкалар
6.5 Пайдаланған әдебиеттер:
1. Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев.-Өңд., толықт. 2-бас. Алматы: Мектеп, 2010-384 б., сур.
2. Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/ С.Тұяқбаев, Ш.Насохова, Б.Кронгарт, т.б.- Алматы: “Мектеп” баспасы. -384 б., сур.
3. Савельев И.В. Жалпы физика курсы. – Алматы, Мектеп, 1,2,3 том, 2000
4. Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы. – М., Наука, 2000
5. Иродов И.Е. Жалпы физика курсының есептер жинағы. М: Наука, 2006
6.6.Бақылау сұрақтар:
1.Жартылай өткiзгiштердiң меншiктi өткiзгiштiгi деп нені айтамыз?
2.Магнит өрісі дегеніміз не?
Тақырып №18. Ортаның магниттік өтімділігі. Пара- ,диа-, ферромагниттік заттар.
Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері.
6.2 Сабақ міндеті: Ампер күші және пара-, диа-, ферромагниттік заттар туралы түсінік беру.
Дәріс тезисі
Жердің айналасы жылдам қозғалыстағы элементарлы бөлшектер – протондар мен электрондардан тұратын қуатты радиациялық белдеулерге ие болады. Радиациялық белдеу Күннің бетінен ұшып шығатын элементар бөлшектердің қозғалысындағы Жердің магнит өрісінің әсерлесуінен пайда болады. Күннің бетіндегі алаулардың әсерінен элементар бөлшектер үлкен мөлшерде лақтырылады, Жерде магнитті боран пайда болады. Осының әсерінен Жер атмосферасының жоғарғы қабаты жарықталынады, полярлы шұғылапайда болады.
Сыртқы магнит өрісінде магниттелетін барлық заттар магнетиктер дап аталады.
Магниттік қасиетіне қарай заттар үшке бөлінеді: парамагнетиктер, диамагнитиктер және ферромагнетиктер.
Парамагнетики – бұл магнит өрісін елеусіз күшейтетін заттар (μ>1): платина, сұйық (кислород) оттегі.
Диамагнетики – бұл магнит өрісін елеусіз азайтатын заттар (μ >1): темір, никель, кобальт, металдардың біршама қосылыстары. Ферриттер – электр тогын өткізбейтін ферромагниттік материалдар. Бұлар – темір оксидінің басқа заттардың оксидімен химиялық қосылысы.
Жер шары өзінің магнит өрісімен қоршалған. Ол жер магнитосферасын құрап бірнеше ондаған километрге созылып жатыр. Жердің магнит өрісі бізді тірі организмдер үшін қауіпті космос бөлшектерінің ағынынан қорғайды. Космостан жерге ұшуда бұл бөлшектер магнитосфералық күш сызықтарының маңында қозғалады. Олар магнит сызықтарына соқтығысқандай болып, жер бетінен ондаған километр қашықтықта бір полюстан келесі полюсқа тербеліс жасайды. Кеңістіктің осы аймағын радиациялық белдеу деп атаймыз.
Қозғалмайтын электр зарядтары электр өрiсiн туғызады, қозғалатын зарядтар басқа өрiс – магнит өрiсiн туғызады.
Бұған иiлмелi өткiзгiшмен жасалған тәжiрибеден көз жеткiзуге болады. Егер екi параллель өткiзгiштер бойымен бiр бағытта ток өтсе, өткiзгiштер бiр бiрiне тартылады, ал егер ток бағыттары қарама-қарсы болса, онда өткiзгiштер бiр-бiрiнен тебiле бастайды.
Ток өтетiн өткiзгiштер арасындағы пайда болатын әсер магниттiк әсер деп аталады. Бұл жағдайда өткiзгiштердiң бiр-бiрiне әсер ететiн күштерiн магниттiк күштер деп атайды.
Электромагниттiк өрiстiң байқалуының бiр түрiн магнит өрiсi деп атайды [Видеоматериал]. Оның ерекшелiгi болып, ол өрiс тек қана электр заряды бар қозғалыстағы бөлшектер мен денелерге, сонымен қатар қозғалатын не қозғалмайтындығына байланыссыз магниттелген денелерге әсер ететiндiгi табылады.
Магнит индукциясының векторы магнит өрiсiнiң күштiк сипаттамасы болып табылады.
Магнит индукциясы векторының бағыты ретiнде ток әсерiнен туған кейбiр магнит өрiсiнде еркiн қозғала алатын магнит тiлшесiнiң оңтүстiк S полюсiнен солтүстiк N полюсiне бағыты алынған. Бұл бағыт тогы бар тұйық контурға түсiрiлген оң нормаль бағытымен сәйкес келедi.
6.1-сурет |
Оң нормаль бағыты тұйық контурдағы токтың бағыты бойынша айналғандағы оң кесiлген бұранда ұшының iлгерiлемелi қозғалысымен сәйкес келедi (6.1 — сурет).
Тогы бар түзу сызықты өткiзгiштiң магнит тiлшесi жазықтығы өткiзгiшке перпендикуляр, ал центрi өткiзгiш өсiнде жатқан шеңбердiң жанамасы бойынша орналасады. Магнит индукциясы векторының бағытын Максвелл ережесi (бұранда ережесi) бойынша анықтайды:
егер бұранданы өткiзгiштегi ток бағыты бойынша бұраса, онда бұранда сабының қозғалыс бағыты магнит индукциясы векторының бағытына нұсқайды.
Магнит индукциясы векторының модулi магнит өрiсi тарапынан тогы бар өткiзгiштiң бiр бөлiгiне әсер ететiн максималды күштiң ток күшiнiң сол бөлiк ұзындығына көбейтiндiсiнiң қатынасына тең:
(6.1)
СИ жүйесiнде Магнит индукциясының бiрлiгi ретiнде бiр тесла (1 Тл) – ұзындығы 1 м өткiзгiш бөлiгiне 1 А ток күшi болғанда өрiс тарапынан Fmax = 1 H максималды күш әсер ететiн бiртектi өрiстiң магнит индукциясы қабылданған. |
Егер векторлары өрiстiң барлық нүктелерiнде бiрдей болса, магнит өрiсiн бiртектi деп атайды.
Өрiстердiң суперпозиция принципi. Егер кеңiстiктiң берiлген нүктесiнде магнит өрiстерi магнит индукциясының векторлары 1, 2, 3 және т.б. болып келген әртүрлi магнит көздерiнен құралса, онда қорытынды магнит өрiсiнiң векторы мынаған тең болады:
= 1+ 2+ 3+… (6.2)
Магнит өрiстерiн бейне түрiнде кескiндеу үшiн магнит индукциясы сызықтарын пайдаланады.
Магнит индукциясы сызықтары – әр нүктедегi жанамалары өрiстiң осы нүктелерiндегi векторының бағытымен сәйкес келетiндей етiп жүргiзiлген бейне сызықтар.
Тұрақты магнит орналасқан қағаз бетiне темiр ұнтақтарын сеуiп, магнит индукциясы сызықтарының толық сутеттер көрiнiсiн көзбе-көз көруге болады (6.2 — сурет).
Магнит индукциясының сызықтары әрқашан да тұйық және өрiс туғызатын тогы бар өткiзгiштердi қамтиды. Магнит индукциясы сызықтарының тұйықтығы табиғаттағы еркiн магнит зарядтарының бар болуының дәлелденбегендiгiмен түсiндiрiледi.
Тұйық күштiк сызықтары бар өрiстердi құйынды өрiстер деп атайды. Магнит өрiсi құйынды өрiс болып табылады.
Бiртектi өрiстiң магнит индукциясының сызықтары параллель болады. Магнит өрiсi потенциалды болмайды, яғни тұйық контурдағы зарядтың орын ауыстыруы бойынша магнит өрiсiнiң жұмысы нөлге тең емес.
Магнит тiзбегi деп магнит өрiсi жинақталған кеңiстiктiң аймақтары немесе денелердiң жиынтығы аталады.
Магнит тiзбегiндегi магнит ағыны электр тiзбегiндегi ток күшi сияқты рөлдi атқарады.
Бет арқылы өтетiн магнит ағыны деп магнит индукциясы векторының модулiнiң жазық беттiң S ауданына және және векторларының арасындағы бұрыштың косинусына көбейтiндiсiне тең шаманы айтамыз, мұндағы — жазық бетке түсiрiлген нормаль:
(6.3)
СИ жүйесiнде магнит ағынының бiрлiгi ретiнде – бiр вебер (1 Вб) — өткiзгiштiң көлденең қимасы арқылы 1 Кл электр мөлшерi өткендегi кедергiсi 1 Ом электр тiзбегiндегi нөлге дейiн кемiген магнит ағыны алынады. |
1 Вб магнит ағыны магнит индукциясы векторына перпендикуляр орналасқан ауданы 1 м 2 бет арқылы өтетiн 1 Тл магнит индукциясы бар бiртектi магнит өрiсiнен туады.
Тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсi тарапынан әсер ететiн күштi Ампер күшi деп атайды.
Ток элементiмен α бұрышын құрайтын индукциясы болатын магнит өрiсi тарапынан I тогы бар өткiзгiштiң аз ғана кесiндiсiне әсер ететiн Ампер күшiнiң модулi F мына формула бойынша анықталады:
(6.4)
Ампер күшiнiң бағыты сол қол ережесi бойынша анықталады (6.3.сурет):
егер сол қолды магнит индукциясының векторы алақанға кiретiндей етiп, ал төрт шығыңқы саусақ ток бағытына нұсқайтындай етiп орналастырса, онда 90 o -қа иiлген үлкен саусақ өткiзгiш кесiндiсiне әсер ететiн күштiң бағытын көрсетедi.
Видео:Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы.Скачать
Магниттік индукция. Магнит өрісінің кернеулігі
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.
Видео:Электромагнитная индукция. Простыми словамиСкачать
«Снятие эмоционального напряжения
у детей и подростков с помощью арт-практик
и психологических упражнений»
Сертификат и скидка на обучение каждому участнику
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАЛДЫҚОРҒАН ӨНЕРКӘСІПТІК ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
Сабақ тақырыбы: Магниттік индукция. Магнит өрісінің кернеулігі
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, деңгейлік оқыту, дамыта оқыту, сыни тұрғыдан ойлау
Білімділік : Магниттік индукция туралы түсінік беру ; Магнит өрісінің кернеулігі тақырыбын ашу ; білім алушыларға тест тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау
Дамытушылық : Білім алушыларға шығармашылық іс — әрекеттерін , ізденімпаздығын дамыту . Пәнге қызығушылыған арттыру
Тәрбиелік : ұқыптылыққа тәрбиелеу , жұмыс жасау барысында ынталандыру , ойлау қабілетін жетілдіру , өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру , заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу .
А. Көрнекті құралдар: Дербес компьютерлер, и нтерактивті тақта , презентация, түрлі-түсті магнит және магниттер, электронды оқулық
Б. Негізгі әдебиет:1. Кронгарт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. Физика / Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану – математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/.-Алматы: Мектеп, 2010 ж. 2. Н.Қойшыбаев 2010 ж, «Физика оқушы анықтамасы»7-11 сынып, Ш.Қ.Биболов
I. Ұйымдастыру кезеңі (1 минут )
1. Білім алушылармен амандасу , түгендеу , дәрісхана тазалығын қадағалау.
2. Білім алушылардың сырт келбетіне сабаққа деген зейінін аудару.
II. Өткен тақырыпты қайталау (6 минут)
Өткен тақырыпты сұрау
1.Магнит өрісі дегеніміз не?
2.Мына зат туралы не білесіңдер?
3. Магниттің қандай қасиеттерің білесіңдер?
4. Магниттер қай жерлерде қолданылады?
5. Магнит өрісінің негізгі қасиеттерін атап беріңіз.
6. Тұрақты магниттің негізгі қасиетін анықтаған кім және қай жылдары .
Үй жұмысын тексеру. Есеп 5 Егер кремний диодтан өтетiн күш I=5,5 мА , ал кернеу U=0,7 В тең болса, оның керi бағыттағы тұрақты токқа кедергiсiн табыңдар.
2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (1 минут) – Тақырыпқа сипаттама беру, маңыздылығын түсіндіру. Білім алушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
III. Жаңа тақырыпты баяндау (20-23 минут)
Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:
1820 жылы даниялық физик Х.Эрстед электрлік және магниттік кұбылыстар арасындағы терең байланыстың бар екендігін көрсетіп тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Бұл тәжірибелер ток өтіп тұрған өткізгішке жақын орналасқан магниттік тілшесіне күш әсер ететіндігін көрсетті.
Магнит өрiсiнiң бар екендiгiн әртүрлi тәжiрибелер дәлелдейдi.
а) Соның бiрi Эрстед тәжірибесі:
б) Егер тізбекті тұйықтасақ (электр тогы болса) компас тілшесі бағытын өзгертеді (ориентациясын өзгертеді).
Өткізілген тәжірибе бойынша қорытынды жасаймыз : Эрстед тәжірибесі 1820 жылы жасалынды.Ток өтіп тұрған өткізгіш маӊында магнит өрісі пайда болады.
Осы өріс магниттік тілшеге әсер етіп, оныӊ орналасуын өзгертеді. Тогы бар өткізгіш және магниттік тілше арасындағы өзара әрекет күші магниттік күш деп аталады.
Кез келген тогы бар өткізгіш айналасында магнит өрісі бар болады.
Солай етіп, қозғалмайтын электр зарядтары айналасында тек қана электр өрісі болады, ал қозғалатын электр зарядтары (электр тогы) айналасында электр және магнит өрістері болады.
Электр және магнит өрістерініӊ пайда болуы
Магнит өрісінің негізгі қасиеттері:
Магнит өрісін магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер тудырады;
Токтардың өзара әсерi. Бұранда және сол қол ережесi.Магнит индукциясы. Магнит өрiсi
Қозғалмайтын электр зарядтары электр өрiсiн туғызады, қозғалатын зарядтар басқа өрiс – магнит өрiсiн туғызады.
Магнит индукциясы векторының модулi магнит өрiсi тарапынан тогы бар өткiзгiштiң бiр бөлiгiне әсер ететiн максималды күштiң ток күшiнiң сол бөлiк ұзындығына көбейтiндiсiнiң қатынасына тең:
СИ жүйесінде Магнит индукциясының бірлігі ретінде В- ның өлшем бірлігі ретінде ұзындығы 1 м өткізгіштен 1 А ток өтіп тұрған кезде оған 1 Н күшпен әсер ететін магнит өрісінің индукциясының мәні алынады. Оны 1 Тесла (Тл) деп белгілейді, яғни 1 Тл =1 Н/ (А*м). Жо ғарыдағы (1.1) өрнегi магнит өрiсiндегi тогы бар өткiзгiш элементiне әсер ететiн күштi анықтайтын Ампер заңының негiзiнде жазылған. Жоғарыдағы Осы құбылысты зерттеген француз ғалымы Андре Ампердiң құрметiне осылай аталған бұл заң бойынша Индукциясы В -ға тең бiртектi магнит өрiсiне орналасқан, бойынан I тогы өтiп жатқан өткiзгiштiң Δ ℓ элементiне әсер ететiн күштiң модулi мынаған тең: F=B·I· Δ ℓ·sin α мұндағы α — индукция векторы мен өткiзгiштегi ток бағыты арасындағы бұрыш.
Тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсi тарапынан әсер ететiн күштi Ампер күшi деп атайды. Ампер күшiнiң бағыты сол қол ережесi бойынша анықталады егер сол қолды магнит индукциясының векторы алақанға кiретiндей етiп, ал төрт шығыңқы саусақ ток бағытына нұсқайтындай етiп орналастырса, онда 90 o -қа иiлген үлкен саусақ өткiзгiш кесiндiсiне әсер ететiн күштiң бағытын көрсетедi. Осы жылы А.Ампер параллель токтардың өзара әрекеттесу заңын анықтады. Тогы бар өткізгіштер бір-бірімен тікелей емес, ал магнит өрісі арқылы әрекеттеседі. Магнит өрiсiнiң күш сызықтары тек магнит өрiсiнiң кеңiстiкте таралуын ғана сипаттап қоймай, сонымен қатар магнит индукциясының мәнi туралы да мағлұмат бередi. Күш сызықтары жиi орналасқан кеңiстiк аймағында магнит өрiсi күштiрек, яғни магнит индукциясының мәнi үлкен болады да, күш сызықтары сирек аймақта керiсiнше оның мәнi аз болады.Электромагниттiк құбылыстарды одан әрi зерттеу үшiн магнит индукциясы векторының бiр нүктедегi мәнiнен ғана емес, сонымен қатар оның тұйық контурмен шектелген беттiң барлық нүктелерiндегi мәндерiнен тәуелдi болатын магнит ағыны деп аталатын шаманы енгiзу қажет.Қарастырып отырған бет жазық болған жағдайда (1.3 –сурет), магнит ағыны Ф -тiң мәнi, магнит индукциясы векторы В -ның модулiн беттiң S ауданына және сол бетке тұрғызылған нормаль мен магнит индукциясы векторының арасындағы α бұрышының косинусына көбейткенге тең: Ф=BScos α (1.3)
Магнит индукциясы векторының бағыты ретiнде ток әсерiнен туған кейбiр магнит өрiсiнде еркiн қозғала алатын магнит тiлшесiнiң оңтүстiк S полюсiнен солтүстiк N полюсiне бағыты алынған. Бұл бағыт тогы бар тұйық контурға түсiрiлген оң нормаль бағытымен сәйкес келедi.
Оң бұрғы ережесі : егер бұрғының ілгерілемелі қозғалысы токтың бағытымен сәйкес келсе, онда бұрғы тұтқасының айналу бағыты өрістің магниттік күш сызықтарының бағытын көрсетеді. Тогы бар түзу сызықты өткiзгiштiң магнит тiлшесi жазықтығы өткiзгiшке перпендикуляр, ал центрi өткiзгiш осiнде жатқан шеңбердiң жанамасы бойынша орналасады.
Магнит индукциясы векторының бағытын Максвелл ережесi ( бұранда ережесi ) бойынша анықтайды: егер бұранданы өткiзгiштегi ток бағыты бойынша бұраса, онда бұранда сабының қозғалыс бағыты магнит индукциясы векторының бағытына нұсқайды.
Магнит өрістерін бейне түрінде кескіндеу үшін магнит индукциясы сызықтарын пайдаланады.
IV Жаңа сабақты бекіту. 1. Таратпа қағазбен жұмыс.
Осы өткен материалды еске түсіре тоырып есептерді шығарамыз.
Индукциясы 0,2 Тл – ге тең магнит өрісіндегі 10 Мм/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға қандай күш әсер етеді?
Көлденең қимасының ауданы 60 см 2 –ге тең контурының ішіндегі магнит ағыны 0,3 мВб –ге тең. Контур ішіндегі өріс индукциясын тап.
Егер өткізгіштің актив бөлігінің ұзындығы 0,1м болса, ток күші 50А болғанда өткізгішке индукциясы 10мТл магнит өрісі қандай күшпен әсер етеді? Өрістің индукция сызықтары мен ток өзара перпендикуляр.
2.Тест шешу (5минут)
Білім алушылардың білімін тест сұрақтары арқылы бағалау
1.Магнит индукциясының өлшем бірлігі
2.Магниттік өтімділігі бойынша барлық заттарды негізгі қанша топқа бөлінеді?
3. Кернеулік векторы нөлге тең болатын яғни Е=O, В О күйімен сипатталатын?
B) жартылай өткізгіштік
C) магниттік өріс
4. Магнит өрісін жүйелі түрде зерттеу эрстедтің тәжірибелерінен қай жылы басталды?
5. Өрістің кез-келген нүктесіне жүргізілген жанама осы нүктедегі магнит күшінің бағытымен сәйкес келетін не?
B) магнит өрісінің күш сызықтары
C) магниттік индукция
6. Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтау үшін қолданылатын ереже?
B) Нъютон ережесі
C) Кулон ережесі
D) буранда, сол қол ережесі
E) дұрыс жауап жоқ
7. Электростатикалық өрістен магнит өрісінің айырмашылығы?
A) магнит өрісі әлсіз
B) магнит өрісі жан-жақты
C) магнит өрісі бір текті
D) магнит өрісі теріс
E) магнит өрісі құйынды
8. Магнит өрісі магнит индукция векторымен сипатталады.
9. Магнит өрісінің бағытын қай ережесі бойынша табады
A)оң қол ережесі
B) сол қол ережесі
C) Нъютон ережесі
10. Магнит өрісінде күшті магниттелетін заттар.
1. Өрістің кез-келген нүктесіне жүргізілген жанама осы нүктедегі магнит күшінің бағытымен сәйкес келетін не?
A) магнит өрісі B) магнит өрісінің күш сызықтары
C) магниттік индукция D) диэлектриктер E) электриктер
2.Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтау үшін қолданылатын ереже?
A) Ом ережесі B) Нъютон ережесі C) Кулон ережесі
D) бұранда, сол қол ережесі E) дұрыс жауап жоқ
3.Электростатикалық өрістен магнит өрісінің айырмашылығы?
A) магнит өрісі әлсіз B) магнит өрісі жан-жақты
C) магнит өрісі бір текті D) магнит өрісі теріс E) магнит өрісі құйынды
4.Магнит өрісі магнит индукция векторымен сипатталады.
A) В= B) Q=R C) F=K D) R= E) I=
5. Магнит өрісінің бағытын қай ережесі бойынша табады
A) оң қол ережесі
B) сол қол ережесі
C) Ньютон ережесі
6. Магнит өрісінде күшті магниттелетін заттар.
A) парамагнетиктер B) ферромагнетиктер C) диамагнетиктер
D) магнетиктер E) диэлектриктер
7.Магнит индукциясының өлшем бірлігі?
A) Н В) М С) D) Дж E) Тл
8.Магниттік өтімділігі бойынша барлық заттарды негізгі қанша топқа бөлінеді?
A) 2 В) 3 С) 4 D) 5 E) 6
9. Кернеулік векторы нөлге тең болатын яғни Е=O, В О күйімен сипатталатын?
A) диэлектриктер B) жартылай өткізгіштік C) магниттік өріс
D) конвенция E) Кулон заңы
10.Магнит өрісін жүйелі түрде зерттеу эрстедтің тәжірибелерінен қай жылы басталды?
A) 1830 B) 1835 C) 1845 D) 1820 E) 1825
Өзіндік дайындауға арналған сұрақтар:
Магнит өрісінің кернеулігі
Үйге тапсырма беру (1 мин)
Үйге есеп шығару: (А.П. Рымкеевич).
Видео:Магнит индукция векторы. Ампер және Эрстед тәжірбиелеріСкачать
Индукция магнитного поля
Этот видеоурок доступен по абонементу
У вас уже есть абонемент? Войти
На этом уроке мы поговорим об индукции магнитного поля – его количественной характеристики. Опытным путем мы узнаем, как она определяется, от каких факторов зависит. Запишем, как обозначается вектор магнитной индукции, его формулу и узнаем, как эта силовая характеристика магнитного поля связана с силой протекающего по проводнику тока.
📽️ Видео
14. Вектор магнитной индукции. Правило правого винта.Скачать
ИНДУКЦИЯ МАГНИТНОГО ПОЛЯ сила Ампера правило левой рукиСкачать
Урок 271. Модуль вектора магнитной индукции. Закон АмпераСкачать
Урок 289. Магнитное поле в веществе. Магнитная проницаемость. Диа-, пара- и ферромагнетикиСкачать
Урок 270. Магнитное поле и его характеристикиСкачать
Физика - Магнитное полеСкачать
Физика 10-сынып. Магниттік индукция векторыСкачать
Поток вектора магнитной индукцииСкачать
Закон электромагнитной индукцииСкачать
Урок 281. Электромагнитная индукция. Магнитный поток. Правило ЛенцаСкачать
ҰБТ- ОНЛАЙН 2021 ФИЗИКА ДАЙЫНДЫҚ. (ЕНТ) (Магниттік өріс. Магнит индукция векторы.)Скачать
10-11 сынып МАГНЕТИЗМ. МАГНИТ ӨРІСІ . МАГНИТ ИНДУКЦИЯСЫ. АМПЕР ЖƏНЕ ЛОРЕНЦ КҮШТЕРІСкачать
Как магнитное поле назвали магнитной индукциейСкачать
Магнит дегеніміз неСкачать
Галилео. Эксперимент. Электромагнитная индукцияСкачать
Урок 287. Индуктивность контура (катушки). Явление самоиндукцииСкачать
На самом деле магнитного поля не существует!Скачать