Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.
Видео:Поток вектора магнитной индукцииСкачать
Коммуникативный педагогический тренинг: способы взаимодействия с разными категориями учащихся
Сертификат и скидка на обучение каждому участнику
18.03.14 ж сағ:14 30
Электромагниттік индукция заңы ашылуы. Магнит ағыны тақырыптарын үш тілде оқыту
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат — міндеттері:
В) проблеманы шешу
Студенттерге электромагниттік индукция құбылысы мен магнит ағыны белгілерін қалыптастыру жолдары туралы мағлұмат беру
Магнит ағыны заңдары мен формулаларын тұжырымдау, заңдылықтардың физикалық мағынасын анықтап, жүйелеу. Электромагниттік индукция заңының ашылуы мен магнит ағынын үш тілде айта білуге үйрету
Жаңа материалды меңгертуде студенттерді әр түрлі құралдарды қолданып, өз бетінше жұмыс жасауға машықтандыру арқылы өмірде кездесетін кез келген жағдайда қолдануға баулу
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Ақпараттық-коммуникативтік технология, дамыта оқыту
Түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ-жауап, электронды оқулықпен жұмыс, талдау, практикалық
Компьютер, интерактивті тақта, слаид, 3D көзілдірігі, тестілеуші құрылғы, электронды оқулық
Сабақ жоспарының жобасы
Оқ ыт ушының қызметі
I .Ұйымдастыру бөлімі
а) Сәлемдесу (Құрметті оқушылар бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Бір-бірімізге күлімдеп, сабақты жақсы көңіл-күймен бастаймыз. Отырыңыздар.)
б) Оқушыларды түгендеу
в)Сабақтың құрылымы, жоспарымен таныстыру (Бүгінгі сабақта біз магнит өрісінің қасиеттерін одан әрі терең оқып, зерттеп «Электромагниттік индукция құбылысымен» танысамыз.)
-оқу құралдарын әзірлейді
-сабаққа әзірлігін, жұмысқа даярлығын ұйымдастыруы
-студент пен оқытушы арасында өзара түсінік қалыптасуы
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ой шақыру-қызығушылықты ояту кезеңі
а) Суретті карточкамен жұмыс (суретте бейнеленген құбылысты түсіндіру: түзу токтың магнит өрісі, тогы бар катушканың магнит өрісі, Ампер гипотезасы, магнит индукция векторының бағыты, сол қол ережесі: Ампер күші, Лоренц күші)
ә) «Кім шапшаң?» ойыны: 6 сұрақ (сандықшаға салынған сұрақтарға бірден жауап беру)
Магнит өрісінің әсері,
Ньютонға ол келеді.
Толық тізбек үшін Ом заңы
4)Тогы бар өткізгіштер
Өзара тартылады, тебіледі
5) Минимал зарядтың мәні нешеге тең?
6) Сыртқы магнит өрісін әжептәуір күшейтетін заттар не деп аталады? Оларға жататындар: темір, болат, шойын, никель, кобальт, гадолиний
1 сурет Тұрақты магниттің және катушканың магнит өрісі күш сызықтарының бағыттары көрсетілген
2 сурет тұрақты жолақ магниттердегі магнит өрісін оның ішіндегі дөңгелек микротоктар тудырады
3сурет Ампер токтардың өзара әрекетін зерттей отырып, магнит өрісінің токқа белгілі бір күшпен әрекет етеді
4 сурет магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықталады
Толық тізбек үшін Ом заңы
Магниттік күштер әсерінен
-нақты жағдайларда дұрыс жауаптарын табу үшін ауызша және жазбаша қарым-қатынас құралдарын қолдануы
-берілген суретті карточка арқылы бейнеленген құбылысты түсіндіруі
-физикалық өлшем бірліктерді жатқа білуі
-өткен тақырып бойынша фомулаларды еске түсіруі
-тақырып аясында жауапты шешім қабылдауы
ІІІ.Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық
-3D форматы арқылы «Заттардағы магнит өрісі» тақырыбында бейне ролик көрсетіледі (орыс тілінде)
— есептер шығарылады: (А-деңгей; В-деңгей; С- деңгей;)
1. Индукциясы 0,2 Тл – ге тең магнит өрісіндегі 10 Мм/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға қандай күш әсер етеді? (qп= 1,6*10 -19 Кл)
2)Көлденең қимасының ауданы 60 см 2 –ге тең контурының ішіндегі магнит ағыны 0,3 мВб –ге тең. Контур ішіндегі өріс индукциясын тап.
3) Егер өріс индукциясы 0,4 Тл болған жағдайда ауданы 50 см жазық бет: а) өріс индукциясының векторына перпендикуляр болса; ә) индукция векторымен 45 0 бұрыш жасай орналасқан болса; б) индукция векторымен 30 0 бұрыш жасай орналасқан болса, онда бұл бетті қандай магнит өрісі жарып өте алады?
4) Егер өткізгіштің актив бөлігінің ұзындығы 0,1м болса, ток күші 50А болғанда өткізгішке индукциясы 10мТл магнит өрісі қандай күшпен әсер етеді? Өрістің индукция сызықтары мен ток өзара перпендикуляр.
5) Ұзындығы 20 см және массасы 4г горизонталь орналасқан өткізгіш бойымен 10А ток өтіп жатыр. Ауырлық күші Ампер күшімен теңгерілетіндей етіп өткізгішті орналастыратын магнит өрісінің индукциясын табыңдар.
6)Актив бөлігінің ұзындығы 8 см өткізгіштегі ток күші 50 А-ге тең. Ол индукциясы 20 мТл біртекті магнит өрісінде орналастырылған. Егер өткізгіш индукция сызықтарына перпендекуляр 10 см-ге орын ауыстырса, осындағы істелген жұмысты табыңдар.
Студенттер 3D көзілдірігі арқылы экранда көрсетілген бейне роликті қарайды
Өткен материалдарды еске түсіре отырып деңгейлік есептерді шығарады
-есептерді шешуге қажетті заңдылықтар мен формулаларды дұрыс қолдана білуі
-жүйелі түрде жұмыс істеуді қалыптастыру, өз ойын дәл, нақты айта білуге, тиімді пайдалануға ықпал етуі
IY .Жаңа материалды түсіндіру
-электронды оқулықпен жұмыс
-3D форматы арқылы бейне ролик көрсетіледі (орыс тілінде)
Х.Эрстед тәжiрибесi электр тогы өзiнiң маңындағы кеңiстiкте магнит өрiсiн туғызатындығын дәлелдейдi. Бұл дерек, өз кезегiнде электр және магнит өрiстерiнiң арасында қандай да бiр байланыс бар екенiне нұсқағандай. Осымен байланысты мынадай заңды сауал туындайды: «керiсiнше, магнит өрiсi электр тогын туғыза ала ма?». Бұл сауалдың жауабын 1831 жылы ағылшын ғалымы М.Фарадей бердi. Фарадей тәжiрибесi өткiзгiштiң тұйық контурын тесiп өтетiн магнит ағыны өзгерген кезде ол өткiзгiште электр тогы пайда болатынын көрсеттi. Физика мен техниканың одан арғы дамуында үлкен роль атқарған бұл құбылыс электромагниттiк индукция құбылысы деп, ал сәйкес контурда пайда болған ток индукциялық ток деп аталды. Сонда электромагниттiк индукция құбылысы дегеніміз – сыртқы магнит өрісінің өзгерісі кезінде тұйық өткізгіште индукциялық токтың пайда болу процесі.
Фарадейдің электромагнтиттік индукция заңы: сыртқы магнит өзгерісі кезінде тұйық өткізгіште пайда болған индукцияның ЭҚК-і контурды тесіп өтетін магнит ағынының өзгеру жылдамдығына тура пропорционал:
Ал электромагниттiк индукция құбылысы кезiнде контурда пайда болатын индукциялық токтың бағыты жөнiнде не айтуға болады? Бұл токтың бағытын анықтауға мүмкiндiк беретiн жалпы ереженi 1833 жылы Э.Ленц ашқан . Осы ғалымның құрметiне Ленц ережесi деп аталған бұл тұжырым мынадай: Кез келген ток тәрiздi тұйық контурда пайда болатын индукциялық ток та өзiнiң маңында магнит өрiсiн туғызады. Индукциялық ток, әрқашан да өзi тудырып тұрған магнит өрiсi, сол токты тудырып тұрған магнит ағынының кез келген өзгерiсiне кедергi жасайтындай болып бағытталады. Индукциялық токтың бағытын Ленц ережесі бойынша табады: сыртқы магнит өрісінің өзгерісі салдарынан тұйық контурда пайда болған индукциялық ток әр уақытта өзінің магнит ағынының өзгерісіне қарсы әрекет етеді.
Егер өткізгіш бойымен өтетін ток өзгерсе, онда осы өткізгіште өздік индукция тогы пайда болады. Бұл құбылыс өздік индукция деп аталады. Ол өздік индукция заңына бағынады. Бұл заң бойынша өздік индукцияның ЭҚК-і табылады:
L –контурдың индуктивтілігі.
Катушкадағы магнит ағыны ондағы ток күшіне тура пропорционал:
Магнит – өрісінің энергиясы: W=LI 2 /2
Өз тәжірибелерін жалпылай отырып, Фарадей мынадай қорытындыға келді: контурда пайда болатын индукцияның ЭҚК-і контурды тесіп өтетін магнит ағыны өзгерісіне тура пропорционал, яғни
k пропорционалдық коэффициентінің мәні магнит ағынының өлшем бірлігін таңдап алғанға тәуелді. Магнит ағынының бір секундтағы өзгерісі өзі орайтын өткізгіште бір вольтке тең ЭҚК-ін туғызу керек. SI жүйесінде ондай ағын 1Вб-ге (Вебер) сәйкес.
Магнит ағыны өрнегі : Ф=BScos α
— жаңа тақырып бойынша үш тілде физикалық терминдер жазылады
Видео:Магнитное поле. Магнитная индукция | Физика 11 класс #1 | ИнфоурокСкачать
Физика_каз
Читайте также:
|
Магнит индукциясы 10мТл. біртекті магнит өрісіне перпендикуляр орналасқан, ұзындығы 1см түзу өткізгіш арқылы 1А ток өткенде, оған әсер ететін күш
= Физика 10, Г. Я. Мякишев, 1996 жылы
Индукциясы 0,1Тл біртекті магнит өрісіндегі ұзындығы 50см, 2А тогы бар өткізгішке 0,05Н күш әсер еткендегі, тоқтың бағыты мен магнит индукциясы векторының арасындағы бұрыш
= Физика 10, Г. Я. Мякишев, 1996 жылы
Сымының орам ұзындығы 0,2м электрқозғалтқыш якоріндегі ток күші 20А болғанда, 1Н күш әсер етеді. Осы өткізгіш орналасқан жердегі магнит индукциясы
= Физика 10, Г. Я. Мякишев, 1996 жылы
Сымының орам ұзындығы 0,2м, электрқозғалтқыш якорінің орналасқан жеріндегі магнит индукциясы 0,25Тл. 20А ток күші өткенде, орамға әсер ететін күш
= Физика 10, Г. Я. Мякишев, 1996 жылы
Ұзындығы 20см және массасы 4г горизонталь орналасқан. Өткізгіш бойымен 10А ток өткенде ауырлық күші Ампер күшімен теңгерілетіндей етіп өткізгішті орналастыратын магнит өрісінің индукциясы (g = 10м/с 2 )
= Физика 10, Г. Я. Мякишев, 1996 жылы
Біртекті магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан ұзындығы 50см өткізгішке 0,12Н күш әсер етеді. Өткізгіштегі ток күші 3А болғандағы, магнит индукциясы
= Физика 10, Г. Я. Мякишев, 1996 жылы
Ампер күшінің бағытын анықтайтын ереже
A) Оң қол ережесі
B) Сол қол ережесі
D) Бұранда ережесі
E) Архимед ережесі
= Физика 10, Г. Я. Мякишев, 1996 жылы
Индукциясы 7,5 Тл біртекті магнит өрісіндегі түзу өткізгіш арқылы 4 А ток өткен кезде 20 см ұзындығына 3 Н күш әсер ететін болса, оның магнит күш сызықтарымен жасайтын бұрышы
= Физика 10, Г. Я. Мякишев, 1996 жылы
Индукциясы 0,4 Тл біртекті магнит өрісіне перпендикуляр орналасқан актив ұзындығы 0,5м өткізгішке 2Н күш әсер еткенде, ондағы ток күші
= Физика 10, Г. Я. Мякишев, 1996 жылы
Магнит өрісі индукциясы сызықтарына 30 0 бұрыш жасай орналасқан ұзындығы 20см өткізгішке 0,4 Н күш әсер етеді. Өткізгіштегі ток күші 4А болса, магнит өрісі индукциясының шамасы
= Физика 10, Г. Я. Мякишев, 1996 жылы
Біртекті магнит өрісінде индукция сызықтарына 30 0 бұрыш жасай орналасқан ұзындығы 0,5 м бойымен 3 А ток өтіп жатқан өткізгішке 9 Н күш әсер еткендегі магнит өрісі индукциясы
= Физика 10, Г. Я. Мякишев, 1996 жылы
Біртекті магнит өрісінде 0,4 Тл индукция векторына перпендикуляр орналасқан, ұзындығы 0,15 м тогы бар өткізгіш, әсер еткен күштің бағытында 0,025 м орын ауыстырғанда 12 мДж жұмыс атқарылса, ондағы ток күшінің мәні
= Физика 10, Г. Я. Мякишев, 1996 жылы
Техникалық құрғыларда, оның ішінде электр қозғалтқыштарда ток жүріп тұрған өткізгішке әсер етуші күштерді есептеу үшін қолданылатын заң
= Физика 10, Г. Я. Мякишев, 1996 жылы
Дыбыс зорайтқышындағы катушканы тербеліске келтіретін күш
A) Тартылыс күші
E) Серпінділік күші
= Физика 10, Г. Я. Мякишев, 1996 жылы
Магнит индукциясы өткізгішке перпендикуляр болғандағы, оған әсер ететін күш
A) ең аз мәнге ие.
B) ең үлкен мәнге ие.
= Физика 10, Г. Я. Мякишев, 1996 жылы
Магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің мәні ең үлкен болатын бұрыш
= Физика 10, Г. Я. Мякишев, 1996 жылы
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.)
Видео:Электромагнитная индукция. Простыми словамиСкачать
«Магнит өрісі» тарауын қайталау
Сабақтың тақырыбы: «Магнит өрісі» тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Магнит өрісі ұғымын және оны сипаттайтын шамаларды оларды өлшейтін құралдарды жұмыс принципін үйреніп практикалық жұмыстар мен есептерді шығаруда алған білімдерін күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық : Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін практикалық тұрғыдан дамытуға баулу, дәстүрлі емес әдістер арқылы талабын ұштап, алған білімдерін кеңейтіп, мамандық таңдауына көмектесу.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, олардың ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету,
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, тест, есептер шығару, эксперименттік тәжірибе.
Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар, сызбалар, ток көзі, амперметр, вольтметр, электрометр, слайдтар, эмблемалар.
Сабақтың құрылымы:
- Алау жағу – Физикалық тест эстафетасы. (Әр қатардағы оқушылар соңғы партадан бастап, алдыңғысымен аяқтайтындай етіп, бір-біріне жалғастыра, берілген сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап берген команда жеңімпаз атанады.Алау жағу құрметіне ие болады.)
- «Жұмбақ конверт» (Оқушылар өздері дайындайды. Онда тақырыпты баяндау, сөзжұмбақ, және тақырыпқа байланысты мақал және жұмбақ ).
- «Кім жүйрік!» сайысы (физикалық шамалардың өлшем бірліктерін бір минут ішінде айтып үлгірулері қажет).
- «Кім көп біледі?» (Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Топтан бір оқушы шығады. Ол 30 секунда сұрақтарға дұрыс жауап беріп үлгеруі керек).
6.Кім зерек! (Әрбір топқа 3 деңгейдегі есептер беріледі).
7.Ойлан тап! (формулада белгісіз шаманы анықтау).
8.Физикалық тәжірибелер (тәжірибелер жасап, оны түсіндіру)
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу. б) Оқушыларды түгендеу в) Сабақтың құрылымы, жоспарымен таныстыру
Мұғалім: Оқушылар осы уақытқа дейін «Магнит өрісі» тарауы бойынша көп нәрсені оқып үйрендік. Негізінен магнит өрісі және оның қасиеттері, магнит индукция векторының, магнит өрісі тарапынан әсер ететін Ампер, Лоренц күштерінің модулдері мен бағыттарын анықтау, заттың магниттік қасиеттері туралы ұғымдарды түсініп, біліп техникада, өмірде күнделікті қажеттілікке қолдана білуіміз қажет. Сол алған білімдеріміздің нәтижесін тексереміз.
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Физика әлемінде екі бағыт бар. Біріншісі ғалам болса, екіншісі ядроның түпкі тамыры. Әлем деңгейінде қазақ физикасы да алдыңғы қатарлы болмақ. Шәкәрім Құдайбердиевтің де «Үш анық» кітабынан оның физикадан хабардар екені анық. Абай шығармаларында да физикалық құбылыстар көп кездеседі. Әлемнің негізі молекулаға тірелсе, молекула атомға бөлінетіні белгілі. Бөлінбейді деген атом да бөлінеді екен деген түсініктен кейін Шәкәрім әлемді аралап шығып, кітабын жазып шығады. Шәкәрім әлемнің түп негізі «нұр» болады деген екен. Магнит өрісін электр тогы тудырады. Электр тогы дегеніміз зарядталған бөлшектердің бағытталып реттелген қозғалысынан пайда болады. Магнит өрісінің пайда болуының түп тамыры элементар бөлшектер. Сондықтан бағалану үшін элементар бөлшектердің эмблемасын ұсынамыз. (электрон, протон, нейтрон).
(Оқушылыр үш топқа бөлініп, топ басшылыры сайланады. Әрбір ойынның қорытындысы бағаланып отырады. Әр бір тапсырма 5 ұпаймен бағаланады).
Мұғалім: (Топ басшылары командамен ортаға шығып өздерін таныстырады).
1.Командалар танысуы.
Топтардың атаулары: «Ампер», «Тесла», «Вебер»
1- команда: «Ампер».
Ток күші сенің арқаң өмір сүргеніміз,
Сабақ оқып теледидар көргеніміз.
«Ампер» болған ток күшінің өлшемі
Біз мықты, қуатты да күштіміз.
2-команда: «Тесла».
Ток бар жерде магнит өрісі туындайды.
Сан жағынан магнит өрісін сипаттайды.
«Тесла» болған өлшем бірлігі
Бұл шама «Магнит индукция векторы»
3-команда: «Вебер».
Өзгергенде жерді қоршаған магнит өрісі
Ағады ауада, жер қабығында — электр тогы
Индукцияның күш сызықтарының санын
Өлшейді «Вебермен» магнит ағыны.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Мұғалім: Психологиялық дайындық, қызғушылықты ояту кезеңі: әр командаға бес сұрақтан тұратын тест сұрақтары беріліді. (Әр қатардағы оқушылар соңғы партадан бастап, алдыңғысымен аяқтайтындай етіп, бір-біріне жалғастыра, берілген сұрақтарға сауатты, әрі жылдам жауап берген команда жеңімпаз атанады. Дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі. Бағалану «элементар бөлшектер белгісін» тапсырумен бағаланады).
- Алау жағу – Физикалық тест эстафетасы. (Әр қатардағы оқушылар соңғы партадан бастап, алдыңғысымен аяқтайтындай етіп, бір-біріне жалғастыра, берілген сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап берген команда жеңімпаз атанады.Алау жағу құрметіне ие болады.)
«Ампер» командасының сұрақтары:
1.«Электр тогы ұғымын» физикаға енгізген ғалым?
А)Ампер В)Вольта С) Ом
2.Электр заряды қоршаған кеңістікте қандай өріс пайда болады?
А)гравитациялық өріс В)электр өрісі С)магнит өрісі
3.Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?
А)тізбектей В)аралас С)параллель
4.Металдарда негізгі заряд тасушылар қандай бөлшектер?
А)электрондар В)кемтіктер С)электрондар және кемтіктер
5.Шамнан 5 секунд ішінде 45 Кл заряд өткенде ток күші неге тең?
А)225 А В)9 А С)15А
«Тесла» командасының сұрақтары:
1.Электр заряды қозғалысқа түскен кеңістікте қандай өріс пайда болады?
А)гравитациялық өріс В)электр өрісі С)магнит өрісі
- Үтік токтың қайсы әсеріне негізделген?
А)магниттік В)жылулық С)механикалық
3.Ток күшін қандай шамамен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
А)амперметр, параллель В)вольтметр, параллель С)амперметр, тізбектей
4.Бейтарап бөлшек қайсы бірі?
А)ион В) атом С)электрон
5.Кернеуі 4В, кедергісі 2 Ом болатын өткізгіштегі ток күшін тап.
«Вебер» командасының сұрақтары:
1.Күш сызықтары тұйықталған өріс құйынды өріс деп аталады. Құйынды өріске қайсы өріс жатады?
А)гравитациялықөріс В)электр өрісі С)магнит өрісі
2.Өткізгіштің меншікті кедергісінің өлшем бірлігі:
3.Кедергілері 3 Ом және 2 Ом резисторлар тізбектей жалғанғанда жалпы кедергі неге тең болады?
А) 6 Ом В)5 Ом С)1,5 Ом
4.Магнит өрісін сан жағынан сипаттайтын шама:
А) магнит индукция векторы В)электр өрісі кернеулігі С) ток күші
5.Ферромагнетиктерге жататын заттар:
А)алюминий, темір В)темір, кобальт С)мыс, шыны.
3.«Жұмбақ конверт» сұрақтары: (Бірінші және дұрыс жауап берген топтың оқушылары ойынды бірінші бастайды. «Жұмбақ конверт» сұрақтарын бір оқушы оқиды, жалпы топ жауап береді. Жауап бере алмаса екінші топ көмектеседі. Ең жоғарғы ұпай 5 балл).
1 топ:
1.Магнит индукция векторы дегеніміз не?
2.Лоренц күші деп нені атайды?
3.Ампер күшінің модулі неге тең? (формуласын тақтаға жазып түсіндіру)
4.Бұрғы ережесі бойынша магнит индукция векторының бағытын көрсет.
2 топ:
1.Ампер гипотезасын тұжырымда.
2.Магнит өтімділігі дегеніміз не?
3.Сол қол ережесі бойынша Лоренц күшінің бағытын қалай анықтайды?
4.Параллель тогы бар өткізгіштер қалай әсерлеседі?
3топ:
1.Магнит индукция векторының бағытын магниттік тілшенің көмегімен қалай анықтайды?
2.Магнит ағыны дегеніміз не?
3.Сол қол ережесі бойынша Ампер күшінің бағытын анықта.
4.Лоренц күші қай жерлерде қолданылады?
Сөзжұмбақ шешу. (Әрбір топ өздері дайындаған сөзжұмбақтарын қарсы командаларға береді. Екі оқушыдан тақтаға шығады. Біреуі сұрақты оқиды.Топ жауап береді. Екінші оқушы жауабын жазады. 6 мин.)
Мақал айту және жұмбақ шешу: (2 мақал, 2 жұмбақ. Мақалдың физикалық мағынасын ашу. Жұмбақ та тақырыпқа сай болу керек.).
1.Физиканы білмейсің, дұрыс өмір сүрмейсің.
Екі өріс табысқан (электромагниттік өріс)
3.Пайдаланған мені жұрт
Отын және жарыққа
Қызмет етем әрқашан
Түсіне білген халыққа (электр тогы)
- Трамплиннен секіру — «Кім жүйрік!» сайысы
(топ басшыларына тапсырма. 1 минут ішінде физикалық шамалардың өлшем бірліктерін атап шығу керек).
- Мәнерлеп сырғанау — «Кім көп біледі?» (Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Топтан бір оқушы шығады. Ол 30 секунда сұрақтарға дұрыс жауап беріп үлгеруі керек)
«Ампер» тобына:
1.Зарядталған бөлшектердің бағытталып реттелген қозғалысы (электр тогы)
- Зарядтың уақытқа қатынасына тең шама (ток күші)
3.Тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі қандай шамаларға тәуелді (меншікті кедергіге, өткізгіш ұзындығына, көлденең қимасының ауданына).
4.Ток күшінің кернеуге тәуелділік заңын кім ашты? (Ом)
5.Өткізгіштердегі токтардың бағыттары бірдей болса ол өткізгіштер қалай әсерлеседі? (тартылады)
6.Магниттік тілшенің қандай бағыты магнит индукция векторының бағытын көрсетеді? (оңтүстік полюсынан солтүстік полюсына қарайғы бағыты )
7.Токтың бағытын қандай заряд көрсетеді? (оң заряд).
8.Өткізгіштер параллель қосылса қандай шама тізбектің барлық бөлігінде бірдей болады. (кернеу)
- Магнит индукция векторының өлшем бірлігі (Тл)
10.Ток күшін қандай құрылғымен өлшейді? (амперметр)
«Вебер» тобына
- Заряд қоршаған кеңістікте пайда болатын өріс (электр өрісі)
- Металдарда негізгі заряд тасушылар (электрондар)
- Токтың жылулық әрекетін зерттеген ғалымдар (Джоуль-Ленц )
- 1 кВт сағат электр энергиясының құны қалай аталады? (Тариф)
- Өткізгіштерді тізбектеп жалғағанда қандай шама тізбектің барлық бөлігінде бірдей болады? (ток күші)
- Магнит өрісі тарапынан қозғалыстағы зарядталған бөлшектерге қандай күш әсер етеді? (Лоренц күші)
- Күш моментінің ток күші мен бет ауданына көбейтіндісінің қатынасына тең шама (магнит индукция векторы)
- Жартылай өткізгіштерде негізгі заряд тасушылар (электрондар мен кемтіктер)
- Заттың ішінде шыр айнала қозғалатын тұйықталған токтар болғандықтан, онда магниттік қасиет байқалады. Бұл кімнің гипотезасы: (Ампер)
- Токтардың бағыттары қарама-қарсы болса онда өткізгіштер қалай әсерлеседі? (тебіледі)
«Тесла» тобына
1.Магниттік өтімділігі аса жоғары заттар (ферромагнетиктер)
2.Ортаның магниттік қасиетін сипаттайтын шама (магнит өтімділігі)
3.Магнит күш моментінің өлшем бірлігі (Н*м)
4.Бұрғы ережесінде қайсы бағыт магнит индукция векторының бағытын көрсетеді? (бұрғы сабының айналу бағыты)
5.Сұйықтарда негізгі заряд тасушылар (иондар)
6.Атом сөзі қандай мағынаны білдіреді? ( бөлінбейді)
7.Аса жоғары температурада қатты денелерден электрондардың ыршып шығу құбылысы (термоэлектрондық эмиссия)
8.Тұздар, қышқылдар, сілтілердің сұйықтардағы ерітінділері (электролиттер)
9.Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ету күші (Ампер)
10.1 квТ сағат электр энергиясының тариф құны 10 теңге. Қуаты 40 кВт электр энергиясы үшін қанша теңге төлеу керек? (400 тг.)
- Шорт-трек — Кім зерек! Мазмұнды есептер. (Әрбір топқа 3 деңгейдегі есептер беріледі).
А деңгей:
1.Ток күші 3 А болған ұзындығы 10 см өткізгіш магнит индукция векторы
0,2 Тл магнит өрісіне орналастырылған. Магнит индукция күш сызықтары перпендекуляр бағытталған. Өткізгішке әсер ету күшін тап.
2.Ток күші 5А тогы бар тұйық рамаға әсер етуші күш моменті 2Н*м. Раманың ауданы 4 см 2 . Магнит өрісінің индукциясын тап.
3.Біртекті магнит өрісінде 2 мкКл электр заряды 10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Зарядқа индукциясы 0,1Тл магнит өрісі тарапынан күш әсер ету күшін анықта.
В деңгей:
1.Заряды 10 мкКл және массасы 1 мг электр зарядының тозаңы біртекті магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалады. Өрістің индукциясы 1 Тл, ал тозаңның жылдамдығының шамасы 5 м/с болса, шеңбердің радиусын анықта.
2.Актив бөлігінің ұзындығы 4 см өткізгіштегі ток күші 20А-ге тең. Ол индукциясы 10 мТл біртекті магнит өрісінде орналастырылған.Егер өткізгіш сызықтарына перпендикуляр 10 см-ге орын ауыстырс, осындағы істелген жұмысты табыңдар.
3.Индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта магнит өрісіне 10 Мм/с жылдамдықпен электрон ұшып кіреді. Егер электрон өрісте радиусы 1 см шеңбер сызатын болса, онда өріс индукциясын табыңдар.
С деңгей:
1.Зарядталған бөлшек 0,6Мм/с жылдамдықпен индукциясы 0,31 Тл біртекті магнит өрісінде радиусы 4 см шеңбер бойымен қозғалады.Бөлшектің кинетикалық энергиясы 1,2*10 -15 Дж-ге тең. Заряд шамасын анықта.
2.Индукциясы 0,1 Тл біртекті магнит өрісінде электрон 2м жол жүргеннен кейінгі кинетикалық энергиясы қаншаға өзгереді? Электрон магнит өрісінде күш сызықтарына перпендикуляр бағытта 10км/с жылдамдықпен қозғалады.
3.Зарядталған бөлшек потенциалдар айырмасы 15 В индукциясы 0,5 Тл магнит өрісінде индукция күш сызықтарына перпендикуляр бағытта қозғалады. Егер электрон радиусы 10 см шеңбер бойымен қозғалатын болса онда бөлшектің зарядының оның массасына қатынасын тап.
7.Коньки тебу — Ойлан тап! (формулада белгісіз шаманы анықтау).
«Ампер» тобына:
- Шаңғы жарысы – Құрал-жабдықтар Спорттың бұл түрінен де біздің спортшыларымыз тек биік тұғырдан көріне білді.(құрылғылардың құрылысымен таныстыру , оның жұмыс принципін түсіндіру).
«Ампер» тобы: Электронды сәулелік түтікше.
«Вебер» тобы: Амперметр мен вольметр
«Тесла» тобы: Тогы бар катушка
9.Азиада ойындарының жабылу рәсімі – Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма: Электр өрісі мен магнит өрісіне тараулары бойынша Венн диаграммасының сызбасын жасау.
10.Олимпиада әсерлері – Рефлексия 5 мин
🎥 Видео
Электродинамика | теорема о циркуляции магнитной индукции | 1Скачать
Химия| Элементарные частицы. Протоны. Нейтроны. Электроны.Скачать
Магнитное поле. 10 класс.Скачать
Урок 284. Задачи на электромагнитную индукцию - 1Скачать
14. Вектор магнитной индукции. Правило правого винта.Скачать
Магнитные свойства вещества. Электроизмерительные приборыСкачать
⚙️Векторная ШИМ Частотник 8bit на ArduinoСкачать
Расчет магнитной проницаемости сердечниковСкачать
Как распределять электроны по орбиталямСкачать
Миниатюрный вольтметр с функцией осциллографа на Atmega 328 и олед дисплее 0.91"Скачать
Трехосевой цифровой компас HMC5883L и ArduinoСкачать
Магнитоэлектрический логометрСкачать
Радиолюбитель,НЕ ВЫКИДЫВАЙ СТАРЫЙ КОМПЬЮТЕР.Комп-это измерительный комплексСкачать
Решение задач электронной оптики в COMSOL Multiphysics®Скачать
Двумерные полупроводники: электронные и экситонные эффекты - Глазов Михаил МихайловичСкачать
Магнитометр HMC-5883L, анализ и настройкаСкачать